Енді қоғамдық орынды ластаған азаматтарға әкімдіктер де айыппұл салады

Жасыл желекті бүлдіргендерге айыппұлды әкімдік салады.

«ОА» мұрағатынан

2026 жылғы наурыз айынан бастап жергілікті әкімдіктер қоғамдық орындарды ластаған, абаттандыру ережелерін бұзған және қала инфрақұрылымына зиян келтірген азаматтарды полицияны күтпей-ақ әкімшілік жауапқа тарта алады, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, қалалар мен елді мекендердің тазалығы мен көркейтілуіне бақылау күшейтіледі. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер келер жылдың наурыз айында күшіне енеді.

«ОА» фотоқорынан

«Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ барлық облыстардың жергілікті атқарушы органдарына қоғамдық кеңістікті ластағаны және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Кодекстің 434-2 және 505-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтыру құқығы беріледі. Бұған дейін мұндай шараларды тек құқық қорғау органдары ғана қолдана алатын. Жаңа тәртіпке сәйкес, заңсыз қоқыс тастаған, жасыл желектерді бүлдірген немесе қала инфрақұрылымына зиян келтірген тұрғындарға әкімдіктер тарапынан да айыппұл салынады», – делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, өткен жылы елімізде осындай құқықбұзушылықтар үшін 591 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5,2 миллиард теңгеден асқан.

Дереккөз: informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем21.99 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с