Үй кезегінде тұрған 55  мың адамды шығарып тастады

Қазір Отбасы банкінің дерекқорында 642 мың адам тіркелген. Осы тізімді толық тексеру барысында банк әр азаматтың дерегін нақтылауды қолға алған. Қайталанған жазбалар, қателіктер, талапқа сай келмейтін жағдайлар қайта қаралған. Нәтижесінде 244 мың қазақстандық барлық талапқа сәйкестігін растаған.

ашық дереккөзден

Үй кезегінде тұрған көп адам соңғы күндері мазасыз күй кешті. Себебі Отбасы банк мемлекеттік тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың дерекқорын жаңартып, мыңдаған адамның мәртебесін қайта қарады, деп жазады ozgeris.info.

Бұл шешім аяқ астынан қабылданған жоқ. Мақсат – тізімді ретке келтіріп, мемлекет қолдауына шын мұқтаж адамдарды нақты анықтау. Қазір Отбасы банкінің дерекқорында 642 мың адам тіркелген. Осы тізімді толық тексеру барысында банк әр азаматтың дерегін нақтылауды қолға алған. Қайталанған жазбалар, қателіктер, талапқа сай келмейтін жағдайлар қайта қаралған. Нәтижесінде 244 мың қазақстандық барлық талапқа сәйкестігін растаған.

Тексеру қалай жүргізілді деген сұрақ көпті қызықтырады. Банк кезекте тұрған азаматтарға SMS жіберіп, телефон арқылы хабарласып, деректерін қайта тексеруден өту керегін ескерткен. Банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл тұрғын үйді жаңа тәртіппен, яғни несиелік немесе жалдамалы бағытта әділ бөлу үшін жасалған қадам.

Тексеру нәтижесінде 55 мыңнан астам адам тізімнен уақытша шығарылған. Оның басты себебі – азаматтың өз меншігінде тұрғын үйінің болуы. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, егер адамның атына пәтер рәсімделсе немесе жұбайымен бірлескен меншікте үйі болса, ол жеңілдетілген тұрғын үй алуға үміткер бола алмайды.

Осы жерде көп адамды шатастыратын бір мәселе бар. Ол – үлестік меншік пен бірлескен меншік ұғымы. Түгендеу барысында көптеген азаматтың бала кезінде жекешелендіру арқылы немесе мұрагерлікпен алған үлестік меншігі бары анықталған. Кейбірі мұндай үлестің бар екенін өзі де білмеген.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, егер тұрғын үйдегі үлес жетіден бір, үштен бір немесе жарты үлес болса, бұл үй кезегінде тұруға кедергі келтірмейді. Яғни, үлестік меншік мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға тыйым салмайды. Ең бастысы – оны бірлескен меншікпен шатастырмау қажет.

Осылайша, пәтердегі үлестің болуы енді кезекке қатысуға бөгет емес. Шектеу тек толық меншік иелеріне немесе жұбайымен ортақ бірлескен меншікке ие адамдарға ғана қатысты болып отыр.

Сонымен қатар банк тағы бір маңызды өзгерісті еске салды. 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап Отбасы банкінің ипотекасын өтеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері жаңарды. Бұл өзгерістер Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітіліп, дәл сол күннен бастап күшіне енді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем13.46 ℃
Вечером12.73 ℃
Ночью9.96 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.49 м/с
2026-10-07
Утром10.81 ℃
Днем16.82 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.75 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.75 м/с