Балаларды тегін үйірмелерге сыртынан жазып қойғандарды тексере бастады

Оқу-ағарту министрлігі өкілі балаларды тегін үйірмелер мен секцияларға сыртынан тіркеп қойғаны туралы ата-аналар шағымына пікір білдірді.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Таяуда ата-аналар eGov қосымшасынан балаларының би, шахмат, футбол сияқты үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қатысып жүргені туралы мәліметті байқап қалған. Шын мәнінде балалар ондай үйірмелерге қатыспаған. Бұл жағдай ата-аналар тарапынан наразылық тудырды.

Осы жағдайға пікір білдірген оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов деректерді білім беру ұйымдары енгізетінін, оның дұрыс енгізілуіне білім беру ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар жауапты екенін айтты.

«Заңнамаға сәйкес жауапкершілік білім беру ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Деректерді енгізу, оларды бақылау және қажет болған жағдайда түзету міндеті соларға жүктелген. Қазіргі уақытта әкімдіктер тексеру жүргізіп жатыр», – деді ол.

Шарабасов тексеру қорытындысы шыққаннан кейін қандай шара қолданылатыны туралы шешім қабылданатынын атап өтті.

nege.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-17
Утром-0.53 ℃
Днем0.99 ℃
Вечером1.45 ℃
Ночью1.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.9 м/с
2026-03-18
Утром0.77 ℃
Днем2.77 ℃
Вечером2.66 ℃
Ночью0.23 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.25 м/с