Қазақстанда тегін берілуге тиіс мыңдаған дәрі-дәрмек сатылған

Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мыңдаған қаптама дәрі-дәрмек науқастарға таратылудың орнына дәріхана сөрелерінен табылған. 

gov.kz

Цифрлық таңбалау жүйесі тегін беруге арналған дәрілік заттардың заңсыз сатылған дерегін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.       

Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мыңдаған қаптама дәрі-дәрмек науқастарға таратылудың орнына дәріхана сөрелерінен табылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Ең сорақысы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектердің де сатылғаны анықталды.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың шілде айында Қазақстанда енгізілген дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек айналымындағы елеулі заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе арқылы препараттардың атауы, саны және нақты қай медициналық ұйымдарға қатысты екенін көруге болады.

Атап айтқанда, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) аясында тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектердің бөлшек саудада сатылғаны, таңбалау кодтарының әртүрлі субъектілер тарапынан қайта пайдаланылғаны, ол аздай жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттардың сатылғаны тіркелген.

«Жүйе арқылы мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынған 15 мыңнан астам қаптама дәрі-дәрмектің бөлшек саудада сатылғаны, 6,5 мыңнан астам таңбалау кодының қайта пайдаланылғаны (жалпы саны 385 мыңнан аса рет), сондай-ақ жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 750-ден астам қаптама препараттың сатылғаны анықталды», — деді Ақмарал Әлназарова. 

Министр медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен «СК-Фармация» ЖШС-нің күнделікті жұмысында сараптамалық платформа мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды, дәрілік заттардың мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейтуді және олардың қозғалысының барлық кезеңінде ашықтықты қамтамасыз етуді тапсырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.34 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с