Оралда кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады
Оның сатқан сыртқы киімдерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттары болмаған.

БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сатып алушылардың бірі жүгінгеннен кейін кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Шағымның себебі сатылатын сыртқы киімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы болды.
Мамандар анықтағандай, дүкен пальто мен дубленка сатумен айналысқан, бірақ клиенттің сұранысы бойынша сатушы тауардың сәйкестігі туралы құжатты ұсынбаған.
Сонымен қатар, ведомствода нақтыланғандай, мұндай құжаттар міндетті болып табылады. Кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес ересектердің сыртқы киімдеріне — екінші және үшінші қабаттағы бұйымдарға тұтынушылар үшін өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы декларация ресімделуі тиіс.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
