Мұғалімдердің магистрлік дипломы қанша теңгеге сатылып жатыр?

Бүгінгі әңгіме: орта мектеп мұғалімдерінің магистрлікті өндірістен қол үзбей оқуы және оған төленетін 10 АЕК.

Фото lada.kz

Белсенді ұстаз Камила Анарбай мұғалімдерге магистрлік дәрежесі үшін берілетін ақы мен сатылып жатқан сол магистрлік дипломы туралы мәселе көтерді деп жазады Democrat.kz. 

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Камила Анарбай мұғалімнің магистрлік дәрежесі үшін жалақысына ақы қосылатынын сөз етіп, сондай үстемақыны сынып жетекшілігіне қосса, әлдеқайда дұрыс болатынын айтады.

Сонымен қатар магистрлік диплом кей өңірлерде ыстық бәліштей сатылып жатқаны туралы белсенді ұстаз өз жазбасында сөз етті. 

«Бүгінгі әңгіме: орта мектеп мұғалімдерінің магистрлікті өндірістен қол үзбей оқуы және оған төленетін 10 АЕК.

Сол 10 АЕК мөлшеріндегі төлемақы (43250 теңге) не үшін екенін түсінбей жүрген жайым бар. Оны түсінбей жүрген жалғыз мен ғана емес сияқтымын.

Магистрлердің өздері де түсінбейді. Барлығы жаппай дипломын әкеп жатыр. Бағасы 2 500 000 теңге екен. «Любой каприз за ваши деньги».

Мен де сол «точкадан» (Тараз және Шымкент университеттері) сатып алсам ба екен деп көріп едім, бір пысықайлар санап кеп берді.

Пенсияға жеткенше магистр дипломы «не окупится» дейді. Кім біледі? Сол магистрлік төлемақы не үшін?

Пайдасы бар ма? Сол магистрлікке қосымша ақы төлегенше, сынып жетекшілікке қосса болар еді», деп жазды белсенді педагог. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-12
Утром13.99 ℃
Днем20.4 ℃
Вечером15.73 ℃
Ночью14.09 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.16 м/с
2026-09-13
Утром11.91 ℃
Днем20.51 ℃
Вечером19.66 ℃
Ночью17.58 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.37 м/с