Мектеп директоры өмір бойы атқаратын лауазым емес – оқу министрі Жұлдыз Сүлейменова

Қоғамда мектеп басшысын екі жылға ғана тағайындау туралы идея қызу талқыланып жатыр.

Фото: Ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің мектеп директорын 2 оқу жылға тағайындау, ал жұмысы жақсы болса, одан әрі 2 жылға ұзарту, бірақ 4 оқу жылынан асырмау қажеттігі туралы идеясының қоғамда талқыға түсуіне байланысты тағы да пікір білдірді. 

Бұл ретте ол «Қазақстандағы 8 мың директор өмір бойы тағайындалып жүре бере ме? Қабілетті ұстаздардың мектеп директоры болуға мүмкіндігі қандай?» деген сауалдарға жауап берді.

«Мектеп директоры – өмір бойы атқаратын лауазым емес. Ол – белгілі бір мерзімге берілген атқарушылық миссия. Сондықтан әлемдегі ең үздік тәжірибелерді қарайық. Мәселен, Сингапур, Финляндияда мектеп директорлары ротациядан кейін қайда барады? Олар көп жағдайда ментор болады немесе әдіскер ретінде әдістемелік орталықтарды басқарады. Сондай-ақ мектепті басқаруға байланысты лектор ретінде қызмет атқарады. Біз осы тәжірибені де зерделеуіміз қажет. Өйткені, біздің арамызда 400 мың орта білім саласындағы ең үздік, талантты, басқарушылыққа қабілетті ұстаздарымызды, білім жүйесін, оның сапасын көтеруге мықты, өзіндік рухы және көзқарасы, ұстанымы бар ұстаздардың мектеп басқаруына жол ашуымыз керек», – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Еске салайық, министр Қазақстанда мектеп директорын 2 оқу жылға тағайындау, ал жұмысы жақсы болса, одан әрі 2 жылға ұзарту, бірақ 4 оқу жылынан асырмауды ұсынған болатын. 

«Директор – білім беруді, оқу процесін ұйымдастырушы маман ғана. Бірақ, ол өзі де жақсы, білікті ұстаз болуы тиіс», – деді министрлік басшысы. 

Дереккөзі: informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-07
Утром-0.78 ℃
Днем-4.67 ℃
Вечером-8.73 ℃
Ночью-12.55 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.17 м/с
2026-03-08
Утром-6.95 ℃
Днем-2.35 ℃
Вечером-7.65 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.71 м/с