БҚО-да сталкинг жасаған екі азамат жауапқа тартылды

Батыс Қазақстан облысында екі ер адам сталкинг фактілері бойынша сотталды. Сталкинг — зорлық-зомбылық тікелей қолданылмаса да, адамның еркінен тыс жасалып, оның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін әрекеттер.

Алғашқы жағдай Бөрлі ауданында тіркелді. Ақсай қаласының тұрғыны полицияға бұрынғы танысы тарапынан жүйелі түрде қудалау мен қорқытуға ұшырағаны туралы арызданған. Ер адам жәбірленушінің үйі мен жұмыс орнының маңында жиі пайда болған. Бір күні ол әйелді қолынан ұстап, жерге құлатып, физикалық күш қолдануға әрекет жасаған. Құқыққа қайшы әрекеттер куәгерлердің көмегімен тоқтатылды.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот оған үш ай мерзімге мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі.

Екінші іс Бөкей ордасы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан сотқа жолданды. Үкімді Бөкей ордасы аудандық соты шығарды. Анықталғандай, 2025–2026 жылдар аралығында ер адам бұрынғы жұбайын жүйелі түрде қудалап, оған хабарламалар мен әлеуметтік желілер арқылы қорқыту сипатындағы жазбалар жіберген. Оның әрекеттері жәбірленушіге елеулі психологиялық зиян келтірген. Сот ер адамды кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарды адамның еркінен тыс жасалатын, қорқыныш пен мазасыздық туғызып, қалыпты өміріне кедергі келтіретін осындай әрекеттерге тап болған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-17
Утром-0.53 ℃
Днем1.15 ℃
Вечером1.45 ℃
Ночью1.31 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.9 м/с
2026-03-18
Утром0.77 ℃
Днем2.77 ℃
Вечером2.66 ℃
Ночью0.23 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.25 м/с