БҚО-да ауыл әкімі сөгіс алды

Батыс Қазақстан облысындағы әдеп жөніндегі кеңесте Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округінің әкімі Арман Жұмағалиевке қатысты тәртіптік іс қаралды.

ашық дереккөзден

Кеңестің мәліметінше, шағым ауыл тұрғынынан түскен. Арыздаунышы әйел шенеуніктің дауыстық хабарламалар арқылы сөйлесу барысында мемлекеттік қызметкердің әдеп нормаларын бұзғанын мәлімдеген. Өз сөзін дәлелдеу үшін ол әңгіме жазбаларын ұсынған. Ал әкім Арман Жұмағалиевтің өзі бұл ауыл тұрғынының оған бұған дейін бірнеше рет шағымданғанын айтты.

“Менің ойымша, өз тарапымнан оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей ештеңе жасаған жоқпын. Айтқаным рас, “ештеңе істемедің” («ни хрена не сделала») деген сөз қолдандым, бірақ бұл жұмыс уақытынан тыс, жеке хат алмасу барысында айтылды. Бұл әңгімеге дейін ол маған 11 рет қоңырау шалған, яғни мен бірінші болып хабарласқан жоқпын. Кейін мен: “Қайырлы күн. Ертең жиналысқа келіңіз” деп жаздым. Осыдан кейін жағдай ушықты. Айта кету керек, ол жиналыстарға мүлде қатыспайды. Азаматша тек менің ашуланып сөйлеген жазбамды ғана ұсынған, ал мені арандатқан сәттерін бермеген. Барлық жазбаларды мен сіздерге толық тапсырдым. Бастапқыда ол менен құзыретіме кірмейтін талаптарды қойды. Тіпті мені сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар айыптады. Мен ешқашан жемқорлық жасаған емеспін”, – деді Арман Жұмағалиев.

Кеңес мүшелері ақылдаса келе, мемлекеттік қызметкердің сөздерінен әдеп нормаларын бұзу белгілері байқалады деген қорытындыға келді. Осыған байланысты Арман Жұмағалиевке тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялау туралы шешім қабылданды. Алайда ауыл әкімі бұл шешіммен келіспейтінін айтып, шешімді сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді.

“Бұл жұмыс уақытынан тыс, жеке сипаттағы жеке хат алмасу болды. Керісінше, аталған әйел бұл аудиожазбаны тарату арқылы менің құқықтарымды бұзды”, – деді Жұмағалиев.

Айта кетейік, Арман Жұмағалиев ауыл әкімі қызметін 2024 жылдан бері атқарып келеді. Оған дейін Жұмағалиев ішкі істер органдарында қызмет етіп, подполковник шеніне дейін көтерілген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-17
Утром-0.53 ℃
Днем1.15 ℃
Вечером1.45 ℃
Ночью1.31 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.9 м/с
2026-03-18
Утром0.77 ℃
Днем2.77 ℃
Вечером2.66 ℃
Ночью0.23 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.25 м/с