Оралда мас жүргізуші 35 тәулікке қамауға алынды
Сондай-ақ, ер адамның жүргізуші куәлігі жоқ және орташа мас күйінде екені анықталды.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, патрульшілер 27 жастағы қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Camry-ді тоқтатқан. Тексеру кезінде машинада травматикалық тапаншаға және төрт травматикалық патронға ұқсас зат табылды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ, ер адамның жүргізуші куәлігі жоқ және орташа мас күйінде екені анықталды. Автокөлікті арнайы автотұраққа алып кетті, ал жүргізуші 35 тәулікке қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, оның нәтижелері бойынша заңды іс жүргізу шаралары қабылданады.
