БҚО-да боранда жоғалған адам әлі күнге табылмаған
Бұл жоғалған кісі боран басталардың алдында кешкі 21;00 шамасында дүкенге шығып кеткен содан оралмаған.

БҚО-ға қарасты Казталов ауданының Жалпақтал ауылында 13 желтоқсанда жоғалған тұрғынды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Аудандық мәслихат депутаты Мәди Меңдешов құзырлы органдардан бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруді сұрады.

Депутаттың жазуынша, тұрғын боранды күні сағат 21:00-де дүкенге шығып, қайта оралмаған.
2026 жылдың 11 қаңтарында 101 және 102 қызметтеріне, сондай-ақ ауыл және аудан әкімдігіне азаматтың жоғалғаны туралы хабар берілген. 101 қызметі ақпараттың облыс орталығына жолданғанын айтқанымен, іздестіру жұмыстары туралы әлі нақты ақпарат бермеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО қарлы боранда қаза тапқан екі шопанның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
БҚО-да ақтүтек боранда жоғалып кеткен төрт адамның өліміне қатысты тергеу басталды
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
