БҚО-да 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық қалай

2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты бақылау мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы автомобиль жолдарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

«ОА» мұрағатынан

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Залмұқановтың мәлім еткеніндей, бұдан екі жыл бұрынғы ірі су тасқыны салдарынан автожолдардың 140 учаскесінде зақымдану деректері тіркелген болатын.

Мұрат Дүйсенұлының сөзіне қарағанда, 2024 жылы жергілікті бюджет резервінен 937,9 млн теңгеге 23 жоба қаржыландырылып, 44 учаскеде жұмыстар атқарылды. Соның ішінде 10 учаскеде су өткізгіш құбырлар орнатылып, 34-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылға жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 60 су өткізгіш құбырды күрделі жөндеу үшін 24 жоба дайындалды. Соның нәтижесінде облыстық маңызы бар Аңқаты-Сарыөмір автомобиль жолында 2, Шыңғырлау ауданында 11 су өткізгіш құбыр салынды. Теректі ауданында Дуана ауылына кірме жолға 2 және Рыбцехқа 2 құбыр салынды.

-Алайда 2025 жылы қаражаттың кеш бөлінуіне байланысты мердігер мекеме барлық жоспарланған жол учаскелерінде құбыр салу жұмыстарын толық аяқтай алмады. Осыған байланысты Теректі ауданында Сатымшеген ауылына кірме жолға 1, Қандыққа 2, Құмақсайға 1 және Төнкеріске 2, барлығы 6 су өткізгіш құбыр салу жұмыстары биыл жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта мердігер ұйым – «АСФА» ЖШС қажетті құрылыс материалдарын алдын ала әзірлеп қойды, — деді М.Залмұқанов.

Оның айтуынша, көктемгі су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіз және үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарында 3 көпір құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Атап айтқанда, Қаратөбе ауданында Қалдығайты, Қоржын ауылында Жақсыбай және Шыңғырлауда Шыңғырлау өзені арқылы өтетін көпір салу көзделіп отыр. Аталған нысандарды аса маңызды және жалпы мемлекеттік маңызы бар жобалар тізбесіне енгізу үшін ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне тиісті хат жолданды.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу барысында 7 көпір және 96 су өткізгіш құбыр салынды. Оған қоса облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу кезінде 1 көпір және 43 су өткізгіш құбыр тұрғызылды.

Бюджет қаражатының кеш бөлінуіне байланысты Шыңғырлау ауданында су өткізгіш құбырлардың бетін топырақпен жабу жұмыстары күзгі мезгілде жүргізілген. Осыған байланысты қауіпті учаскелерде көктемгі су тасқыны кезеңінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, қапшықтар, инертті материалдар және қажетті ауыр техниканы (тиегіш, самосвал және өзге де арнайы техника) алдын ала жеткізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді, — деп қосты басқарма басшысының орынбасары.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-09
Утром10.86 ℃
Днем10.26 ℃
Вечером10.11 ℃
Ночью10.56 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра9.25 м/с
2026-09-10
Утром11.07 ℃
Днем13.73 ℃
Вечером12.26 ℃
Ночью11.82 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.02 м/с