Оралда құсбегілердің сайысы өтеді
Ақпанның 20-21-і күндері Оралда тұңғыш рет «ORAL WINTER FEST 2026» – Қысқы спорттық фестивалі өтеді.

Спорт додасы 20-22 ақпанда құсбегілер арасында Қазақстан Республикасының ХІХ чемпионаты өтеді.
– Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сайыпқырандар өзара тартысты додаға түсіп, шеберлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, чемпиондық тұғыр үшін бақ сынамақ, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

2 күн бойы қысқы, ұлттық, заманауи және экстремалды спорт түрлерінен қызықты шаралар ұйымдастырылады.
Фестиваль аясында құсбегіліктен ҚР чемпионаты, тазы жарысы, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, шаңғымен нысана көздеу, мұздағы автодрифт, керлинг және шанамен сырғанау секілді қызықты жарыстар өтеді.
Бұл күндері қала тұрғындары таңнан кешке дейін жаппай коньки теуіп, биіктен сырғанай алады. Сонымен қатар атпен, шанамен серуендеу мүмкіндігі де болады.

Барлық қонақтарға КІРУ ТЕГІН!
Чемпионаттың ашылу салтанаты 20 ақпанда сағат 12:00-де өтеді. Құсбегілердің сайысын Орал қаласы Жәңгір хан көшесі 69Б мекенжайында тамашалауға болады.
