Үлкендердің қарызы үшін баланың есепшоттары бұғатталуда

Бала борышкер емес, ол келісімшартқа қол қоймаған. Бала – кепілгер емес. Бірақ карта бұғатталады.

Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

«Детская травма» банктен басталады», деген қоғам белсендісі Бауыржан Мұқанов балалардың банктік есепшоттары бұғатталып жатқан мәселе туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Қазақстанда ата-анасының несиесі үшін 18 жасқа толмаған баланың картасын да банк бұғаттайды. Елде балаларға карта ашатын банктер де көп емес өзі, ойыңызға келген банк болса, иә сол.

Бала борышкер емес, ол келісімшартқа қол қоймаған. Бала – кепілгер емес. Бірақ карта бұғатталады.

Ал әлемдік тәжірибеде қалай?

АҚШ-та кәмелетке толмағандардың шоттары ата-анасының бақылауында болғанымен, заң жүзінде ол – баланың мүлкі. Ата-ананың жеке қарызы үшін автоматты түрде бұғатталмайды.

Еуропада сот шешімі тек нақты борышкерге қатысты қолданылады. Баланың жеке шотына санкция салу – құқықтық принципке қайшы.Ұлыбританияда балалардың жинақ шоттары «trust» форматында ашылады. Яғни, ол қаражат ата-ананың қарызына жатпайды.

Негізгі қағида қарапайым: Қарыз – жеке жауапкершілік.

Ал бізде не болып жатыр?

Бала алғаш рет банктік жүйемен танысады. Картасы бар екенін мақтан тұтады. Бір күні карта жұмыс істемей қалады. Себеп — ата-анасының қарызы.Міне, «детская травма» осындай жерден басталады. Банк те, мемлекет те балаға нақты сигнал береді: «Сен кінәлі емессің, бірақ жауап бересің».

Біреудің табысын біреуге таратып, біреудің жауапкерлілігін біреуге артып, былықтырғанды жақсы көретін біздің демагог депутаттар мен делитант мемқызметкер бұндай проблеманың бар екенін де білмейтін шығар.

Мүмкін бұл мәселе статистикада көрінбейтін шығар? Мүмкін бұл «техникалық процесс» деп қаралатын шығар?

Бұл менің отбасымдағы мәселе емес, бірақ осындай жағдай көп баланың басында бар екенін білемін.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Балалар омбудсмені, Тұтынушылар құқығын қорғаушыларды белгілей кетерсіздер, мәселені назарға алуларыңызды сұраймын», деп жазды Бауыржан Мұқанов.

Қоғам белсендісінің бұл жазбасына жұрт «қарызы үшін адамның туыстарын қойып, құдаларына да хабарласатындар бар» дегенге саятын пікір жазуда. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-21
Утром16.85 ℃
Днем25.05 ℃
Вечером22.99 ℃
Ночью20.24 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.5 м/с
2026-05-22
Утром11.64 ℃
Днем22.1 ℃
Вечером22.98 ℃
Ночью16.02 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.4 м/с