Кешіктірілген несие үшін баланың картасын бұғаттау заңсыз емес — Ұлттық банк

Балаға жеке банк шоты ашылмайды, оған өз атына шығарылған қосымша төлем картасы арқылы ата-анасының банк шотын пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Қазақстан Республикасында 18 жасқа толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілінің несиесі кешіктірілсе, борышкермен қатар баланың да банк төлем картасы бұғатталады. Бұл қаншалықты заңды екендігіне қатысты Naryk.kz сауалына Ұлттық банк жауап берді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 17-бабына сәйкес, «азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады», делінген бас банк жауабында.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, төлем картасы эмитент пен клиент арасында жасалатын төлем картасын шығару туралы шарт негізінде беріледі. Алдын ала төленген төлем картасын есепке алмағанда, төлем картасы клиенттің банк шотына қол жеткізу құралы саналады.

Бұдан бөлек, жеке тұлғаларға төлем картасын шығару туралы шарт негізінде бірнеше қосымша төлем картасын беруге рұқсат етілген. Сондай-ақ бір банк шотына бір немесе әртүрлі төлем жүйелерінің бірнеше төлем картасын пайдалану арқылы жасалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары көрсетілуі мүмкін.

«Осылайша, қосымша төлем карталары банкпен шарт жасасқан клиенттің банк шотына шығарылады. Демек, клиенттің кәмелетке толмаған балалары қосымша төлем карталарын пайдаланған жағдайда да банк шотының иесі банкпен шарт жасасқан клиент (кәмелетке толмаған балалардың ата-анасы) болып қала береді», — делінген.

Азаматтық заңнамаға сәйкес, балалар жасай алатын мәмілелер шектеулі болғандықтан, балаға қосымша төлем картасы оның ата-анасының банк шотына рәсімделеді. Яғни балаға жеке банк шоты ашылмайды, оған өз атына шығарылған қосымша төлем картасы арқылы ата-анасының банк шотын пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Өтелмеген берешек болған жағдайда, банк шотындағы қаржыны жұмсау мүмкіндігі шектеледі.

Осылайша, ата-ананың атына ашылған банк шотына шектеу қойылған кезде ата-ананың өзінің төлем карталары арқылы да, кәмелетке толмаған балаларының пайдаланатын қосымша төлем карталары арқылы да шығыс операцияларын жүргізу мүмкіндігі шектеледі.

Сонымен қатар, банк қарыздары бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу кезінде банктің төлем талабы жеке тұлғаның ағымдағы шотындағы қаражаттың 50%-ынан аспайтын мөлшерде және (немесе) заңды тұлғадан немесе жеке кәсіпкерден түсетін әрбір ақша сомасының 50%-ы шегінде орындалады. Бұдан бөлек, банк бір банкте ашылған жеке тұлғаның ағымдағы шотында (шоттарында) кемінде күнкөріс минимумының екі еселенген мөлшерін (2026 жылы – 101 702 теңге) сақтап қалады. Осы жағдайларда, шотқа қатысты өзге де шектеулер немесе талаптар болмаған кезде ата-ананың, кәмелетке толмаған баланың картасындағы шығыс операциялары ата-ананың шотында бар қаражат шегінде жүруі мүмкін.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Үлкендердің қарызы үшін баланың есепшоттары бұғатталуда

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-15
Утром12.07 ℃
Днем21.16 ℃
Вечером21.52 ℃
Ночью13.62 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.14 м/с
2026-04-16
Утром6.2 ℃
Днем10.59 ℃
Вечером12.34 ℃
Ночью8.35 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.55 м/с