ХҚКО-ға бармай-ақ көлік рәсімдеуге болады

Құжат пен мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу қызметі іске қосылады.

Авторы: Алексей СтарковФото: нейрожелі көмегімен жасалған

«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілерге жеткізу қызметін ұсынбақшы. Мемлекеттік корпорация қазір ІІМ-мен бірлесіп, жаңа құжатты жіберу, ескісін қабылдау жолдарын дайындап жатыр. Жоба 2026 жылдың бірінші жартысында іске қосылады. Болжамды жеткізу құны — 5–7 мың теңге. Жеткізу уақыты — сол күні, көлік тіркелген сәттен бастап 4 сағат ішінде.

Бұл жаңа идея емес. 2020 жылы пандемия кезінде курьерлер құжат жеткізген, бірақ қызмет дұрыс жұмыс істемегендіктен сатушы да, сатып алушы да ХҚКО-ға жүгінгенді жөн көрді.

Енді көлік сатып алғанда не сатқанда арнайы ХҚКО-ға бару қажет болмайды. Тұрғындар қазірдің өзінде мәмілені eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы, «ЦОН» немесе банк қосымшалары арқылы онлайн рәсімдей алады. Жеткізу қызметі қосылған соң ақысын төлеп, мүлде үйден шықпай курьерге ескі нөмір мен құжатты беріп, жаңасын алуға мүмкіндік туады.

Жүргізуші айыппұл төлемесе немесе көлікке қатысты заңды мәселе туындаса, арнайы орталыққа баруға тура келеді.

kolesa.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-14
Утром14.82 ℃
Днем16.54 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью11.99 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-15
Утром11.78 ℃
Днем21.38 ℃
Вечером20.6 ℃
Ночью12.56 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.88 м/с