Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
ХҚКО-лардың және мамандандырылған ХҚКО-лардың мереке күндеріндегі жұмыс кестесі белгілі болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады.
8 және 9 наурыз – барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.
Ал Наурыз мерекесіне келетін болсақ, 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері де еліміз бойынша барлық ХҚКО жабық болады.
25 наурыз күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар таңертеңгі 09:00-ден түскі 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Басқа жұмыс күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі кестеге сай жұмыс істейді.
Кезекші бөлімшелердің тізімін 1414 нөмірі арқылы немесе корпорацияның ресми сайтынан, әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.
