Оралда көпқабатты үйде өрт шықты
Өрт сөндірушілер өрт кезінде 10 адамды құтқарып, эвакуациялады.

Орал қаласы Зачаганск кентіндегі Жәңгір хан көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің ас үй бөлмесінде өрт шықты.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері тез арада өртті сөндіруге және тұрғындарды құтқаруға кірісті. Автосатының көмегімен 5 адам, оның ішінде 3 бала құтқарып, тағы 5 адам баспалдақ арқылы эвакуациялады.
Өрт шағын алаңда толықтай сөндірілді.
