Оралдан Ташкентке: әуе рейстері 23 наурыздан басталады
Орал халықаралық әуежайы Өзбекстанның жеке әуекомпаниясы Centrum Air-мен әріптестік орнатып, Орал–Ташкент жаңа әуе бағытын іске қосады.

Жаңа маршрут жолаушылардың ұшақтан ұшаққа ауысып міну мәселесін шешіп, сапарларды жеңілдетеді.
Орал мен Ташкент арасындағы жаңа халықаралық авиамаршрут 23 наурыздан бастап іске қосылады. Бұл туралы облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Авиамаршрутты Centrum Air авиакомпаниясы жүзеге асырады. Бұған дейін Орал тұрғындары Ташкентке жету үшін Түркістан немесе Шымкент арқылы ауысып мініп, кейде автокөлікпен жетуге мәжбүр болған. Бұл мәселені шешудің жаңа бағыты және сапарларды айтарлықтай жеңілдетеді.

Бұдан басқа, Ташкент халықаралық бағыттар үшін ыңғайлы транзиттік хаб ретінде қызмет ететін болады. Ташкент арқылы АҚШ, Жапония, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Азия елдеріне және басқа да халықаралық бағыттарға жетуге болады.
Жаңа рейске билеттер 1 желтоқсаннан бастап сатыла бастады.
Ұшулар аптасына екі рет Airbus A320 үлгісіндегі заманауи әрі жайлы әуелайнерлермен жүзеге асырылады. Бұл әуе кемелері жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жоғары стандарттарға сай.
Билет құны:
• Орал → Ташкент: 40 мың теңгеден бастап;
• Ташкент → Орал: 55 мың теңгеден бастап.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Оралдан Ташкентке: тікелей рейстер наурыз айында ашылады
