Иран көгіндегі «қышқыл бұлттар» Қазақстанға жетуі мүмкін: мамандар не дейді

Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұндай ластанудың Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қарай жылжу белгілері байқалмайды.

ғаламтордан

 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде, сондай-ақ кейбір қазақстандық және шетелдік БАҚ-да Иран аумағында Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін «қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпараттың таралуын тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осыған байланысты «Қазгидромет» мұндай мәлімдемелердің ғылыми деректермен және бақылау нәтижелерімен расталмалмағанын хабарлады.

әлеуметтік желіден

Қышқыл жауын-шашын атмосфераға негізінен өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларынан түсетін күкірт пен азот оксидтерінен түзіледі. Олар, әдетте, ластану көздеріне жақын маңда пайда болады. Ауа массалары алыс қашықтыққа жылжыған кезде, бұл заттардың концентрациясы табиғи атмосфералық процестердің әсерінен айтарлықтай төмендейді.

Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұндай ластанудың Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қарай жылжу белгілері байқалмайды.

— Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұлттық метеорологиялық және экологиялық қызметтері ұсынған ресми мәліметтерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады, — делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-15
Утром12.07 ℃
Днем21.16 ℃
Вечером21.52 ℃
Ночью13.62 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.14 м/с
2026-04-16
Утром6.2 ℃
Днем10.59 ℃
Вечером12.34 ℃
Ночью8.35 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.55 м/с