Оралда өртенген үйден екі газ баллоны шығарылды
Тілсіз жаудың жалпы аумағы 20 шаршы метрді шарпыған.

Орал қаласы «Березка-2» саяжайында үй өртеніп, өрт сөндірушілер шамамен 20 шаршы метр аумақтағы өрт ошағынан көлемі 25 және 50 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрт дереу оқшауланып, толық жойылды.
Сарапшылардың айтуынша, жылыту маусымында уақытша құрылыстарда, жеке үйлерде, газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт шығу қаупі айтарлықтай артады. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
