«Зейнетке дейін мектеп директоры болмайды»: Қазақстандық мектептерде не өзгереді

Қала мектептері үшін “2+2”, ауыл мектептері үшін “3+3” форматы ұсынылады.

ашық дереккөзден

Оқу-ағартуминистрі Жұлдыз Сүлейменова жақын арада Қазақстан мектептерінің директорларына қатысты қандай өзгерістер болатынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасының “Түйін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жұлдыз Сүлейменова мектептегі басқару принциптері өзгергенін айтты.

“Біріншіден, мектеп директорлығы ол сол позицияда зейнетке кеткенге дейін болады деген дүние емес. Заман өзгерді. Басқару принциптері өзгерді. Мектеп директорлығына ұмтылғысы келетін өте жақсы сауатты, білікті, тамаша шығармашылық ұстаздарымыз бар. Біз осы талантты ұстаздарымыздың арасынан мықты менеджер шығаратындай жүйе қалыптастыруымыз қажет. Директорлық – ешкімнің өмір бақи отыратын қызмет орны емес. Сондықтан мен өз позициямда қаламын”, – деді министр. 

Министр алдағы уақытта мектеп директорларын ұзақ уақыт бір лауазымда отырып қалмау туралы бұйрық талқыланатынын айтты.

Онда қала мектептері үшін “2+2”, ауыл мектептері үшін “3+3” форматы ұсынылады. Яғни, 

  • Директор 2 жыл жұмыс істейді.
  • Егер жұмысы жақсы бағаланса, тағы 2 жылға қалады.
  • Яғни бір мектепте ең көбі 4 жыл директор бола алады.

Дәл осылай ауыл мектептерінде де мектеп басшысы ең көбі 6 жыл директор бола алады

Бүгінде осы мәселе жұмыс тобы аясында пысықталып жатыр. Келесі оқу жылы басталғанға дейін нақты шешім қабылданады. 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Мемлекеттік мектеп директорын тағайындау тәртібі өзгереді. Кімдер үміткер бола алады?

Қазақстанда бір мектепте жеті жылдан аса директор болғандардың барлығы тексеріледі

Мектеп директорлары жаңаша тағайындалады: Аймағамбетов түсіндіріп берді


 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-14
Утром14.82 ℃
Днем16.54 ℃
Вечером15.79 ℃
Ночью12.89 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-15
Утром11.78 ℃
Днем21.38 ℃
Вечером20.6 ℃
Ночью12.56 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.88 м/с