БҚО-да полиция 1,4 млн теңгенің алаяқтығын әшкереледі

Күдікті жәбірленушінің 1 472 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

БҚО-да полиция 1,4 млн теңгенің алаяқтығын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген адамды анықтап, әшкереледі.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті азаматтарға жоғары пайда табуға уәде беріп, ақшаларын жалған инвестициялық компанияға салуды ұсынған. Өз схемасын жүзеге асыру үшін күдікті WhatsApp мессенджерінде биржалық трейдингке қатысты топ ашып, онда инвестиция жасау мүмкіндігі туралы ақпарат жариялаған. Жәбірленушіге салынған қаражат 50 пайыз пайдамен қайтарылады деп айтылған. Осы ақпаратқа сенген ол ақша аударған. Осылайша күдікті жәбірленушінің 1 472 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың екі эпизоды анықталды. Күдікті кінәсін мойындап, тиісті айғақтық база жиналды. Ұрланған қаражат әзірге тәркіленген жоқ. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен басқа азаматтар да зардап шеккен болуы мүмкін. Осыған байланысты полиция қосымша тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-14
Утром14.82 ℃
Днем16.54 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью11.99 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-15
Утром11.78 ℃
Днем21.38 ℃
Вечером20.6 ℃
Ночью12.56 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.88 м/с