БҚО-да заңсыз қару асынғандар құрықталды
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілердің бірінің көлігін тінту кезінде травматикалық тапанша, алты травматикалық патроны бар тапанша оқжатары, аэрозольдік тапанша, сондай-ақ 200-ден астам патрон тәркіленді.
Сондай-ақ, екінші күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде патрондар табылып, тәркіленді.
Тағы бір азаматтың тұрғылықты жері бойынша мылтық кесіндісі тәркіленді. Бұл қару атуға жарамды деп танылды
