Жаңа заң: тұрғын аудандардағы құрылыс қатаң бақылауға алынады

Жаңа нормаларға сәйкес, бұрын жиі қолданылған нүктелік құрылыс практикасына шектеу қойылады. Яғни бұрыннан қалыптасқан тұрғын аудандардың ішінде, кейде үйлердің арасындағы бос жерлерге жаңа көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу мәселесі қатаң бақылауға алынады.

«ОА» мұрағатынан

Қазақстанда тұрғын үй нарығына әсер ететін жаңа өзгерістер енгізіледі. Елде нүктелік (тығыз) құрылысқа шектеу қою жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс жаңа қабылданған Құрылыс кодексінде қарастырылған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Мемлекет басшысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына қатысты заңға түзетулер енгізіп, жаңа Құрылыс кодексіне қол қойды. Құжат 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Жаңа нормаларға сәйкес, бұрын жиі қолданылған нүктелік құрылыс практикасына шектеу қойылады. Яғни бұрыннан қалыптасқан тұрғын аудандардың ішінде, кейде үйлердің арасындағы бос жерлерге жаңа көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу мәселесі қатаң бақылауға алынады.

«ОА» фотоқорынан

Заңда көрсетілгендей, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жаңарту екі жылда бір реттен артық жүргізілмейді. Сонымен қатар инфрақұрылым талаптары сақталмаған жағдайда тығыз құрылысқа рұқсат берілмейді.

Егер ауданның мектептері толып кеткен болса, жолдар шамадан тыс жүктелсе, емханалар мен әлеуметтік нысандар жетіспесе немесе инженерлік желілердің қуаты жеткіліксіз болса, онда бұл аумақта жаңа тұрғын үйлер салуға рұқсат берілмейді.

Депутаттардың айтуынша, мұндай шаралар ірі қалалардағы бақылаусыз құрылыс мәселесін шешуге бағытталған.

«ОА» мұрағатынан

Алайда сарапшылар жаңа шектеулердің тағы бір салдары болуы мүмкін екенін айтады. Ұсыныс азайған жағдайда, әсіресе қала орталығындағы аудандарда тұрғын үй бағасы қымбаттауы ықтимал.

Соған қарамастан заң шығарушылар бұл өзгерістер қалалардың инфрақұрылымын сақтау және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін қажет екенін атап өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-14
Утром14.82 ℃
Днем16.54 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью11.99 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-15
Утром11.78 ℃
Днем21.38 ℃
Вечером20.6 ℃
Ночью12.56 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.88 м/с