БҚО-да биылғы екі айда 105 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген

Батыс Қазақстан облысында алаяқтар жәбірленушілерге келтірілген залал 260 млн теңгеден асты.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне 280 құқыққа қарсы интернет-ресурс енгізілді.

Екі айда жәбірленушілерге келтірілген 260 млн теңгеден астам залалға қатысты 697 күдікті есепшот бұғатталды. Соның ішінде 2,5 млн теңге бұғатталды, 1 млн теңге қайтарылды. Ал 1,5 млн теңге бойынша қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жыл басынан бері 27 мыңнан астам адам қамтылған профилактикалық іс-шаралар өткізілді. «Egov» сайты арқылы 8 мыңнан астам азамат несие алудан ерікті түрде бас тартты. 2026 жылғы 1 ақпан – 30 сәуір аралығында облыс аумағында республикалық «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Күні бүгінге дейін 61 қылмыс ашылды, оның ішінде 33-і тәулік ішінде, 28-і – бұрын жасалған қылмыстар, мұның 11-і өткен жылдар санатынан. Биылғы екі айда ең үлкен тіркелген шығын – 16 млн теңге (инвестициялық жарнама).

– Интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері: жалған қоңыраулар, мессенджерлер арқылы жасалатын алдау әрекеттері. Фишингтік сілтемелер және дербес мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша алаяқтар азаматтарды алдайды. Сондықтан азаматтарды күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға сенбеуге, жеке деректерді бөгде тұлғаларға бермеуге және күмән тудырған жағдайларда құқық қорғау органдарына жедел хабарласуға шақырамыз, — деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-15
Утром12.07 ℃
Днем21.16 ℃
Вечером21.52 ℃
Ночью13.62 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.14 м/с
2026-04-16
Утром6.2 ℃
Днем10.59 ℃
Вечером12.34 ℃
Ночью8.35 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.55 м/с