БҚО ауданында дрон табылды
БҚО Ақжайық ауданында жергілікті тұрғындар даладан дрон тапты.

2026 жылдың 25 наурызында Ақжайық ауданындағы далада жергілікті тұрғындар далада пилотсыз ұшу аппаратын тапты.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ұшқышсыз ұшатын аппарат Қарауылтөбе ауылы маңына құлаған.
БҚО полиция департаментінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта полиция уәкілетті қызметтермен бірлесіп Ақжайық ауданында пилотсыз ұшу аппаратының фрагменттеріне ұқсас заттарды табу фактісі бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде.
— Объект елді мекеннің аумағынан тыс жерде табылды. «Оқиғаның барлық мән —жайлары анықталуда», — деп хабарлады БҚО ПД.
Ақтөбеден келген ҚР ҚМ қызметкерлері ҰҰА-ны қарап шықты. Иран өндірісінің «Араш-2» маркалы дрон екені анықталды.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары жарылыс арқылы сол жерде жойылды.
Жою орны қауіпсіз деп танылды, іс-әрекеттер мүдделі органдармен келісілді.
Бұл БҚО-да дрондардың құлауының алғашқы жағдайы емес. Алайда, бүгінгі күнге дейін ҚР Қорғаныс министрлігі тергеу нәтижелері туралы хабарлаған жоқ.
ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ ОҚЫҢЫЗ: Батыс Қазақстан облысына ұшқышсыз ұшу апараты құлады
БҚО-да құлаған дрондар Ресей полигонынан ұшырылғаны айтылды
БҚО-да Ресеймен шекаралас ауданда үшінші дрон құлады
БҚО аумағына тағы да дрон құлады
БҚО-ға құлаған дрондар: тергеу жұмыстары Ресеймен бірге жүргізіліп жатыр
БҚО аумағында ұшқышсыз ұшақтың жаңа құлауы тіркелді
Орал мен Ақсай үстіндегі дрондар: олардың бірі тұрғын үйлердің жанында жарылды
