БҚО-да биыл 417 адам жануарлардан жарақаттанған

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78 жағдайға көп.

«ОА» мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында 2026 жылдың екі айында 262 адамды ит қапқан. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл өңірде 417 адам жануарлар тістеді, қапты, тырнады деп медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78 жағдайға көп. Былтыр жануарлардың қабуы мен тістеуіне, сілекейі тиді деп шағымданғандардың саны 339-ды құрап еді.

«ОА» фотоқорынан

2026 жылы зардап шеккен жандардың 90-ы бала екен. Биыл жарақат алғандардың 68 пайызын ит қауіпті. Ал, науқастардың 23,8 пайызын мысық тістеп, тырнаған. Мүйізді ірі қара 20 адамды жарақаттап үлгерген.

Сала мамандары облыста құтырма ауруы тіркелмегенін мәлімдеді. Департамент қызметкерлері ит қапқан, жануарлардан жарақат алған 417 адам дереу медициналық көмекке жүгініп, оларға құтыруға қарсы екпе салдырғанын хабарлады.

ғаламтордан

Құтырма ауруы аса қауіпті, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы індетке жатады.

Ауру қоздырғышы — өте ұсақ вирустар. Табиғатта аурудың қоздырғыштары қасқыр, түлкі, қарсақ секілді жыртқыш аңдарда  сақталады. Қолға үйретілген жануарлар — ит пен мысықта  бұл ауруға жиі шалдығады. Құтырма өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Вирус адамдарға құтырған жануар, әсіресе иттер мен мысықтар тістегенде, тырнағанда немесе сілекейлегенде жұғады. Өйткені осы аурудың қоздырғышы олардың сілекейінде болады. Әсіресе иесіз ит пен мысық, жабайы жануарлар аса қауіпті болып келеді.

ашық дереккөзден

Құтырмамен ауырған адам сауықпайды, бірақ алдын алуға болатынын есте сақтау қажет. Ол үшін құтырма ауруына қарсы қолданылатын екпелер уақытында жүргізілуге тиіс.

gov.kz

Құтырма ауруын алдын алу шаралары:

Үйде ұстайтын иттер мен мысықтарды жыл сайын құтырма ауруына қарсы еккізіп отыру керек, серуендету жөніндегі ережені сақтау керек. Иелігіне жаңадан сатып алған итті тіркеуден өткізіп, ектіру міндетті. Кешкі уақытта итті тек жабық аулаға жіберу керек. Ортақ аулаға немесе серуендету үшін көшеге итті тек қысқа қарғыбаумен және мұрындықпен шығару керек.

Бұралқы иттер мен мысықтарды аулау, жою, жануарларды үй жағдайында ұстау ережелерін сақтау, үй жануарларын құтырма ауруына қарсы профилактикалық егу.

Жануарлар тістеуінен, сілекейленуінен, тырнауынан зардап шеккен адамдар бірден сол бойда медициналық көмекке жүгіну.

Дәрігер тағайындаған антирабикалық екпені кестеге сай алу. Зардап шеккендер емдеу-профилактикалық егуді 5 рет алады. Екпе қабылдап жүргенде қатты ыстықтан, салқыннан қорғану қажет және алкогольді ішімдіктер ішуге болмайды.

Адамдарды тістеп алған ит, мысық және басқа жануарларды емдейтін (ветеринарлық) мекемеге жеткізіп, 10 күн бойы бақылау керек. Адамды қапқан жануарды өлтіруге болмайды, өйткені бақылау қорытындысы бойынша алдын ала емдеу әдісін таңдау қажет болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-10
Утром9.48 ℃
Днем17.88 ℃
Вечером16.34 ℃
Ночью14.26 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.79 м/с
2026-10-11
Утром12.39 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером14.13 ℃
Ночью10.2 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.68 м/с