БҚО — дағы өзендердегі судың келуі, 26 наурыздағы жағдай
24-30 наурыз аралығында аймақта ауа температурасы 13-22 градусқа дейін жоғарылайды. Осы күндері мұздық құбылыстардың әлсіреуі, еріген қар ағындысы әсерінен өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Январцево кенті — Жайық өзенінің көтерілуі 271 см (тәулігіне + 25 см өсім). Қауіпті деңгей 850 см;
Оралда-134 см (3 см төмендеу). Қауіпті деңгей 1000 см;
Чижа — 1 (Тасқала ауданы) — 762 см (+148 см). Қауіпті деңгей 850 см;
Чижа — 2 (Тасқала ауданы) — 458 (+102 см). Қауіпті деңгей 680 см;
Тасқала кентінің ауданындағы Деркөл өзені-424 см (+124 см) қауіпті деңгей 550 см;
Зеленое ауылы тұсында-254 см (+112 см). Қауіпті деңгей 450 см;
Мичурино ауылындағы Шаған-210 см (+22 см). Қауіпті деңгей 1100 см;
Каменный кенті маңындағы Шаған-488 см (+6 см). Қауіпті деңгей 1300 см;
Чеботарево кентіндегі Быковка-650 см (+28 см). Қауіпті деңгей 810 см;
Утва Кентубек кентінде — 331 см (+2 см). Қауіпті деңгей 700 см;
Қошанкөл кентіндегі Сарыөзен 401 см (+6 см). Қауіпті деңгей 1300 см;
Қайыңды кентіндегі Қараөзен 486 см (+1 см). Қауіпті деңгей 1700 см;
Мамандар өңірде топырақтың қату тереңдігі 8 бен 67 см аралығында, ал қар жамылғысы өткен аптамен салыстырғанда 18 пайызға төмен деп мәлімдеді. Орал қаласы, Тасқала, Бәйтерек, Сырым, Теректі, Бөрлі, Қазталов, Шыңғырлау аудандары көктемгі тасқын қаупі орташа аумақтарға жатқызылды.
Қазір Ирикла су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 139 текше метр су жіберіліп жатса, 27 наурыздан бастап секундына 60 текше метр су босатылады.
