Талапқа сай емес: елдегі 270 жеке емшара кабинеті жұмысын тоқтатты

ДСМ қабылданып жатқан шаралар ең алдымен пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және заңнама талаптарын сақтауға бағытталғанын атап өтеді.

Фото: medina-s.ru

Қазақстанда жеке емшара кабинеттерін тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Нәтижесінде 270 кабинет қызметін тоқтатқан, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

ДСМ-нің мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген мониторингтің барысында 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталған.

«Уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты. Бірқатар субъекті қызметін заңдастыруға дайын екенін білдіріп, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кірісті. 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды», — делінген хабарламада.

Аяқталған тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша мынадай жүйелі бұзушылықтар анықталған:

  • медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
  • санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
  • дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы;
  • білікті медициналық персоналдың болмауы;
  • шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша:

  • 147 әкімшілік хаттама толтырылған;
  • жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

«Денсаулық сақтау министрлігі қабылданып жатқан шаралар ең алдымен пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және заңнама талаптарын сақтауға бағытталғанын атап өтеді», — делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с