«Зейнетақы үшін жалақыдан 20% ұсталады»: Министрлік жауап берді

1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10% артты.

Фото: Ашық дереккөз

Еңбек министрлігі «зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді» деген желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz.
Министрліктің мәліметінше, белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20% қысқартылады деген жалған мәліметі бар видеосы тарады.

1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10% артты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-на дейін ұлғайтылып жатыр», – делінген хабарламада.

2026 жылдан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-нан 118%-на дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды.

Еңбек министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с