Оралда футболға байланысты бірқатар көшелер жабылады
Бүгін футболдан «Жайық» пен «Қайрат» командасының матчы өтеді. Сол себепті таңғы сағат тоғыздан, кешкі сегізге дейін кейбір көшелер жабылады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сәрсенбі күні футболдан «Жайық» пен «Қайрат» командасының матчы өтеді. Сол себепті таңғы сағат тоғыздан, кешкі сегізге дейін:
• Исатай-Махамбет көшесінің бойында Ықсанов көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі аралық;
• Доспанова көшесі: Исатай-Махамбет көшесінен Неусыпов көшесіне дейін жабылады.

Қоғамдық көлік пен барлық темір тұлпарлардың қозғалысы Ихсанов пен Неусыпова көшесімен жүргізілмек. Қала әкімдігі алдын ала бағдарды ойластыруды сұрайды.
Бүгін, сегізінші сәуірде «Жайық» командасы «Қайратпен» ойнайды. Матч Петр Атоян атындағы стадионда өтпек. Ойын сағат 15.00-де басталады.
