Оралда әлеуметтік тауардың бағасын өсірген кәсіпкер жазаланды

Кәсіпкерлік субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты шекті сауда үстемесін заңнамаға сәйкес 15 пайыздан асырмауы тиіс болса да, бұл талапты бәрі бірдей сақтамайды.

ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматованың мәлім еткеніндей, 2025 жылдың желтоқсанында Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.

Эльмира Нұрқызының сөзіне қарағанда, тізбеге қияр, қызанақ, алма, ірімшік, қара шай, қаймақ секілді азық-түлік өнімдері енгізілді.

— Шеттен әкелінетін, сондай-ақ жергілікті жылыжайда өсірілетін өнімдер болса да, қияр мен қызанақтың бағасы қала тұтынушыларының көңілінен үнемі шыға бермейді. Кәсіпкерлік субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты шекті сауда үстемесін заңнамаға сәйкес 15 пайыздан асырмауы тиіс болса да, бұл талапты бәрі бірдей сақтамайды, — дейді Эльмира Қиматова.

Оның айтуынша, департамент наурыз айында Орал қаласының сауда желілеріне қиярдың 117,3-тен 236,9 пайызға дейін, қызанақтың 66,6 пайыз сауда үстемесімен түскендігін анықтады.

Кәсіпкердің бұл әрекеті «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына қайшы келеді. Онда шекті сауда үстемесі өнім өндірушінің босату немесе көтерме сауда арқылы берушінің бағасынан 15 пайыздан аспауы тиіс екендігі көрсетілген.

— Осыған байланысты департамент кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғап, оған айыппұл салынды, — деп қосты департамент басшысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-15
Утром10.6 ℃
Днем6.46 ℃
Вечером2.9 ℃
Ночью3.12 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.9 м/с
2026-11-16
Утром2.14 ℃
Днем4.03 ℃
Вечером1.83 ℃
Ночью0.84 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.93 м/с