«Ақшасыз қалдық»: Қазақстандықтар шоттарының бұғатталуына жаппай шағымдануда

Жазбаларға пікір қалдырушылар жүйеде қателік барын айтып, колл-орталыққа қоңырау шала алмай отырғандарына шағымданды.

Сурет: Atameken Business сайтынан

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жеке және бизнес шоттарының бұғатталуына жаппай шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Threads желісінде шоттарының бұғатталғанына шағымданған қазақстандықтардың жазбалары тарады. Хабарламалардан бұғаттаулардың жаппай сипатта екенін байқауға болады. Ал себептері әзірге белгісіз.

«Бүгін шоттардың негізсіз жаппай бұғатталғанын көріп отырмыз. Мемлекеттік кірістер комитетінің түсініктемесін күтеміз», — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Көпшілік шоттардағы бұғатты қалай алу керектігіне және бұл жұмысты кім жүргізетініне қызығушылық танытуда. 

Тағы бір желі қолданушысы шотының бұғатталуының себебі ретінде «камералдық бақылау бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамағаны» көрсетілген скриншотты жариялады. Алайда ер адам өзінің айыппұлдары пен салықтарының барлығын төлегенін, бұғатталудың себебін таба алмағанын айтады.

«Мен ақшасыз қалдым. Барлық жеке шоттарым бір сәтте бұғатталды. Техникалық қате деп айтып жатыр. Автоматты түрде бұғаттан шыққанын күтіңіздер дейді. Қанша уақыт күтетінімізді ешкім білмейді. Автотұрақтан шығу үшін тіпті жүріп барып ақша сұрауға тура келді» — деп жазды тағы бір қазақстандық.

Жазбаларға пікір қалдырушылар жүйеде қателік барын айтып, колл-орталыққа қоңырау шала алмай отырғандарына шағымданды.

Ал мемлекеттік кірістер комитеті жауапты департаменттен жағдайға қатысты ақпарат күтіп отырғандарын мәлімдеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-13
Утром13.09 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером23.06 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.34 м/с
2026-05-14
Утром13.96 ℃
Днем22.78 ℃
Вечером23.58 ℃
Ночью19.41 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.07 м/с