БҚО-да көліктерді жалға беруге қатысты бірнеше алаяқтық әшкереленді

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеден асады.

БҚО-да көліктерді жалға беруге қатысты бірнеше алаяқтық әшкереленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының 26 жастағы тұрғынының қылмыстық әрекетін әшкерелеп, тоқтатты. Ол тіркелген жеке кәсіпкерлік арқылы автокөліктерді жалға алу сылтауымен иемденіп отырған.

Анықталғандай, күдікті көлік иелерінен көліктерді ұзақ мерзімге жалға рәсімдеген. Кейін заңды негізі болмағанына қарамастан, ол автокөліктерді өз қарыздарын өтеу үшін үшінші тұлғаларға берген. Бұл ретте көліктер иелеріне қайтарылмаған, ал жалдау төлемдері тоқтатылған.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеден асады.

Күдікті ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оның айғақтары куәгерлердің мәліметтерімен расталды. Оған қатысты төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Автокөліктердің орналасқан жері анықталуда.

Полиция азаматтарды мүлік пен ақшаны беру кезінде сақ болуға, сондай-ақ автокөліктерге қатысты мәмілелердің заңдылығын мұқият тексеруге шақырады.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-13
Утром13.09 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером23.06 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.34 м/с
2026-05-14
Утром13.96 ℃
Днем22.78 ℃
Вечером23.58 ℃
Ночью19.41 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.07 м/с