«Бәрі халықтың мүддесі үшін»: Энергетика министрлігі елдегі жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді

Жалпы алғанда жанар-жағармай нарығы нарықтық жолмен қалыптасады. Біз бағаны тікелей реттемейміз, сондықтан олар өзгеріссіз қалып отыр. Баға ең алдымен сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі былтыр енгізілген мораторий аяқталған тұста бензин бағасы өсе ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов бензин бағасының өсу-өспеуі сұраныс пен ұсынысқа байланысты екенін айтты.

“Жалпы алғанда жанар-жағармай нарығы нарықтық жолмен қалыптасады. Біз бағаны тікелей реттемейміз, сондықтан олар өзгеріссіз қалып отыр. Баға ең алдымен сұраныс пен ұсынысқа байланысты”, – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол елімізде жанар-жағармай тапшылығы жоқ екенін айтты. 

“Шамамен 600 мың тонна бензин және 600 мың тонна дизель отыны қоры бар. Бұл көлем ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Демек тапшылық жоқ, сәйкесінше жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне де негіз жоқ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, өңірлік штабтар және облыс әкімдіктері жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Олар негізсіз немесе күрт баға өсіміне жол бермеу үшін жұмыс істейді”, – деді вице-министр.

Вице-министрдің сөзінше, бұл бағытта басты назар халықтың мүддесін қорғау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Еске салайық, 2025 жылы 16 қазанда жанар-жағармай бағасын ұстап тұру үшін мораторий енгізілген еді. Оған сәйкес:

  • АИ-92 бензині – литріне 213-239 теңге аралығында;
  • дизель отыны – 317-337 теңге аралығында белгіленді.

Ал биыл 31 наурызда Қазақстанда АИ-92 бензині мен жазғы дизель отынының бөлшек бағасын көтеруге қойылған мораторий аяқталды. Осылайша, 1 сәуірден бастап жанармай құю станциялары (ЖҚС) отын бағасын көтеруге қайта мүмкіндік алды.

Алғашқылардың бірі болып демалыс күндері Qazaq Oil (PetroRetail компаниясы) бағаны өсірді.

Атап айтқанда, демалыс күндері елордада осы желідегі АИ-92 бензинінің бағасы 237 теңгеден 238 теңгеге дейін көтерілді. Ал жазғы дизель отынының литрі 327 теңгеден 328 теңгеге дейін өсті.

Еске салсақ, бұған дейін үкімет дағдарысқа қарсы шаралар аясында 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізген еді. Ал 1 қарашадан бастап қазақстандықтар АИ-92 бензині мен автогаз қымбаттауына шағым түсіре алатын жедел желі ашылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-13
Утром13.09 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером23.06 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.34 м/с
2026-05-14
Утром13.96 ℃
Днем22.78 ℃
Вечером23.58 ℃
Ночью19.41 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.07 м/с