Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

2026 жылдың мамыр айы қазақстандықтар үшін мерекелерге толы әрі демалыс күндері көп кезең болмақ.

Көрнекі сурет

Бұл айда елде төрт бірдей мемлекеттік мереке атап өтіледі, соның нәтижесінде жұмыс күндері қысқарып, демалыс уақыты ұлғаяды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алғашқы мереке – 1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі күні. Ол жұмаға сәйкес келгендіктен, бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндер қатарынан үш күн — 1, 2 және 3 мамырда демалады.

Келесі мереке – 7 мамыр, Отан қорғаушылар күні. Бұл күн бейсенбіге түсіп тұр, сондықтан бір күндік ресми демалыс беріледі.

9 мамыр – Жеңіс күні биыл сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылып, қазақстандықтар 9, 10 және 11 мамыр аралығында үш күн қатарынан тынығады.

Сонымен қатар, 27 мамырда Құрбан айт мерекесіне байланысты қосымша демалыс қарастырылған. 2026 жылы бұл күн сәрсенбіге сәйкес келіп отыр.

Жалпы есептегенде, бес күндік жұмыс кестесі бойынша мамыр айында 14 күн демалыс болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында істейтіндер үшін демалыс күндерінің саны 12 күнді құрайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром16.68 ℃
Днем24.7 ℃
Вечером23.68 ℃
Ночью17.53 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.89 м/с
2026-06-14
Утром17.4 ℃
Днем25.36 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью19.73 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.58 м/с