Мал қараусыз қалмасын

Қараусыз қалған мал — еліміздегі өзекті мәселелердің бірі, ол жол-көлік оқиғаларына, мал ұрлығының өршуіне және егістіктердің тапталуына әкеледі. Иесіз жүрген төрт түлік үшін мал иелеріне әкімшілік айыппұл салынады. Малдың қауіпсіздігіне иесі жауапты.

ашық дереккөзден

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, биылғы үш айда 1 027 бас мал (өткен жылы – 7 мыңнан астам) қамалды. 

Малын қараусыз жайылымға жіберген 958 тұрғын (өткен жылы – 4 мыңға жуық) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабына сәйкес жауапқа тартылды. 

Өңірде бағымсыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын қамайтын уақытша мал аулаларының жетіспеушілігі және керекті жабдықтармен қамтамасыз етілмеуі негізгі мәселелердің бірі болып отыр. 

Малдың далада қараусыз жайылып жүруі – ұрлықтың басты себебі. Өткен жылы 79 мал ұрлығы дерегі тіркелсе, соның 96 пайызы (76) даладан, 4 пайызы (3) қорадан кеткен. Биыл да 16 мал ұрлығының 14-і еркін жайылымның үлесіне тиеді. 

Малдың бағымсыз жүргені тек ұрлық қана емес, ол жол-көлік оқиғаларына да әкеліп соқтырады.

Өткен жылы малдың кесірінен 193 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 1 адам қаза тапты, 32-сі жарақат алды. Биыл жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 18 (өткен жылы осы мерзімде – 25) оқиға тіркелді.

-Мал ұрлығы бойынша ең өзекті мәселе тұрғындардың өздеріне тиесілі үй жануарларын ұйымдастырылған бағымға қоспауы, уақтылы қарамауы болып отыр. Яғни көктемде далаға шығарып, тек күзде түгендеу кезінде малдың жоқтығын анықтап, полицияға арызданады.

Сондықтан малды міндетті түрде сырғалау және таңбалау, бақташы алу, мүмкіндігіне қарай жылқы малына GPS-треккерлерін тағу және басқа да тәсілдерді қарастыру маңызды, — деп хабарлады ведомстводан.

Департамент деректеріне қарағанда, қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде биылғы 3 айдың қорытындысы бойынша мал ұрлығының тіркелуі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 5,9 пайызға төмендеді, жалпы ашу деңгейі – 100 пайыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром16.68 ℃
Днем24.7 ℃
Вечером23.68 ℃
Ночью17.53 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.89 м/с
2026-06-14
Утром17.4 ℃
Днем25.36 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью19.73 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.58 м/с