Оралда жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды
Орал қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері патрульдеу барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін пайдалану дерегін анықтады.

Тексеру кезінде жүргізуші бұл автокөліктің әкесі тарапынан өзінің көлігіне айырбастау нәтижесінде алынғанын түсіндірді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар көліктің шығу тегін және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қосымша тексеру шаралары жүргізілуде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл автокөлік басқа тұлғаға тіркелген көлікпен байланысты болуы мүмкін. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.
Автокөлік сатып алу немесе айырбастау кезінде келесі сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз: көлік құжаттарының түпнұсқалығын міндетті түрде тексеріңіз;
- мемлекеттік нөмір мен VIN-кодтың сәйкестігіне назар аударыңыз;
- автокөліктің тіркеу тарихының заңдылығын нақтылаңыз;
- күмәнді мәмілелерден аулақ болыңыз.
Жалған нөмірлік белгілерді пайдалану немесе күмәнді құжаттары бар көлікті пайдалану заңмен көзделген жауапкершілікке әкеледі.
