Оралдағы екі аудан тұрғындары жаз бойы ыстық сусыз отырады
20 сәуірден бастап «Жайықжылуқуат» АҚ мердігері екі- 6-шы және 7-ші жылу магистралін жөндеуге кіріседі. Қаланың екі ауданындағы көпқабатты үйлерге ыстық су беру күздің басына дейін тоқтатылады.

«Балабақша» ауданындағы, Ремзаводтағы, Чапаев атындағы Затондағы және қаланың ескі бөлігіндегі — Темір Масин көшесінен Жүнісов көшесі мен Некрасов көшесіне дейінгі көпқабатты үйлердің тұрғындарын қолайсыздық күтуде.
Мердігер — «Алматыинжстрой» АҚ компаниясы 20 сәуірден бастап осы екі жылу магистралін бөлшектеуді бастайды. Күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі-1 қыркүйек.
№ 6 жылу магистралінде 1.84 км құбыр ауыстырылады. Жұмыс құны -, 1.6 млрд теңге.
«Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясын тұтынушылардың назарына алдағы 2026-2027ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде жылу-электр орталығынан Ружейников көшесіне дейін 6-ЖМ жылу магистралін қайта жаңартуға байланысты 16.04 2026ж.-01.09.2026ж. аралығында 77 көше бойынша ыстық су берілімінің тоқтатылатынын хабарлады.
Сондай-ақ, төменде көрсетілген әлеуметтік нысандар бар:
1 № 32 ЖОББМ
2 № 13 ЖОББМ
3 № 33 ЖОББМ
4 № 2 ЖОББМ
5 Сервис және жаңа технологиялар колледжі жатақханасы
6 Жастар шығармашылық орталығы
7 №6 кітапхана филиалы
8 № 2 қалалық емхана
9 «№ 14 «Алтын дән» МДҰ
10 «№ 33 «Шаңырақ» МДҰ
11 «№ 29 «Балауса»
12 11241 әскери бөлімі
13 ҚР ІІМ БҚО МКҚБ ММ
14 БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы

7-ЖМ-де 1.7 шақырым құбыр ауыстырылады, күрделі жөндеу жобасының құны-2.5 млрд. «Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясын тұтынушылардың назарына алдағы 2026-2027ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде 2-27-ЖК-нан 7-14-ЖК-на дейін 7-ЖМ жылу магистралін қайта жаңартуға байланысты 16.04 2026ж.-01.09.2026ж. аралығында 60 көше бойынша ыстық су берілімінің тоқтатылатынын хабарлады.
Сонымен қатар, осы жазда «Строитель» шағын ауданындағы кварталішілік желілер қайта жаңартылады. Мұнда 8.83 км құбыр ауыстырылады, жұмыс құны-1.8 млрд. Мердігер әлі анықталған жоқ, байқау жүріп жатыр.
Бұл жобалар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде, оның «инвестицияны тарифке айырбастау» тетігімен іске асырылуда. Облыс әкімдігі 6.1 млрд. сомаға облигациялар шығарды. Сыйақы бойынша жыл сайынғы төлемдер 610 миллион теңгені құрайды және 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін жылыту және ыстық су тарифіне енгізілген.
