БҚО ауылында 61 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды
Ер адамның мәйіті бір күннен кейін табылды.

Куәгерлердің айтуынша, Бәйтерек ауданы Макарово ауылында 61 жастағы ер адамды өлтірген. Оның денесі бір күннен кейін ғана табылды, өлген адамның денесін жертөледе жасырған.
БҚО полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Осы қылмысты жасады деген күдікті анықталды және ұсталды. Оқиғаның мән-жайы мен егжей-тегжейі анықталуда. Тергеу жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан.
