БҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың жолын кесті

Орал қаласының тұрғыны «102» арнасына хабарласып, орталық базар маңында белгісіз тұлғалар анасының ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысып жатқанын жеткізді.

Фото: ҚР ІІМ

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипаждары мен учаскелік полиция инспекторлары жіберілді. Алғаш болып жеткен қызметкерлер базарға жақын орналасқан сауда үйлерінің біріндегі банкомат жанынан 47 жастағы әйелді анықтады.

Анықталғандай, әйел алаяқтардың нұсқауларын орындап, белгісіз шотқа 3 миллион теңге аудармақ болған. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ақша аудару дер кезінде тоқтатылып, қаражат толық сақталды.

Белгілі болғандай, алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар әйелмен бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, арнайы киім киіп, ресми тұлға бейнесін жасап, сенімге кірген. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер әйелдің атына бірнеше банктен несие рәсімдеуге тырысқан, алайда бас тарту алған. Соған қарамастан, оның шотына басқа есепшоттан ақша түскен — бұл қаражатты кейін «дропперлік» мақсатта пайдаланбақ болғаны болжануда. Сонымен қатар алаяқтар әйелге психологиялық қысым көрсетіп, оның қызына қатысты жалған қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат таратып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып қорқытқан.

Манипуляцияға сеніп қалған әйел ауылдан қалаға келіп, онлайн өтінімдері қабылданбаған соң, 3 миллион теңгеден астам сомаға офлайн несие рәсімдеген. Ол алаяқтарға соншалықты сеніп, тіпті қызы мен полиция қызметкерлерінен жасырынуға тырысқан, себебі оған ешкімге ештеңе айтпау қатаң тапсырылған. Қазіргі уақытта азаматшаны қорғау мақсатында «e-Gov» порталы арқылы несие рәсімдеуге шектеу қоятын «Стоп-кредит» қызметі қосылды.

Аталған іс-шаралар «Anti-fraud» жедел-профилактикалық акциясы аясында өткізілді. Жалпы, осы бағыттағы жұмыстар барысында полицейлер 17 алаяқтық әрекеттің алдын алған. Полиция ескертеді: сақ болыңыздар және алаяқтардың айласына алданбаңыздар. Күдікті қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда дереу «102» нөміріне хабарласыңыздар.



Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-13
Утром13.09 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером21.94 ℃
Ночью20.03 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.34 м/с
2026-05-14
Утром13.96 ℃
Днем22.78 ℃
Вечером23.58 ℃
Ночью19.41 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.07 м/с