Қазақстанда 2027 жылдан бастап мүлік салығы қалай өзгереді?

Егер жалпы мүлік құны 450 миллион теңгеден асса, жоғары мөлшерлеме қолданылады: 2 946 600 теңге көлемінде тұрақты төлем және одан асатын соманың 2 пайызы есептеледі.

интернеттен

Қазақстанда 2027 жылдан бастап жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу тәртібі өзгереді. Жаңа жүйе, ең алдымен, қымбат жылжымайтын мүлік иелері мен бірнеше нысаны бар азаматтарға әсер етеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, енді салық салу тәсілі әрбір мүлікті бөлек есептеуге емес, кей жағдайда барлық активтің жиынтық құнына байланысты болады.

2026 жылдың 31 желтоқсанынан кейін мүлік салығы екі түрлі тәсілмен есептеледі:

Егер азаматтың барлық мүлкінің жалпы құны 450 миллион теңгеге дейін болса, салық бұрынғыдай әрбір нысан үшін жеке есептеледі (пәтер, үй, гараж, қойма және т.б.).

Егер мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, онда салық барлық мүліктің жиынтық құны негізінде есептеледі.

Қымбат жылжымайтын мүлік иелері үшін прогрессивті салық шкаласы енгізіледі.

«Егер жалпы мүлік құны 450 миллион теңгеден асса, жоғары мөлшерлеме қолданылады: 2 946 600 теңге көлемінде тұрақты төлем және одан асатын соманың 2 пайызы есептеледі», – деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл тәсіл халық арасында «сән-салтанат салығы» деп аталып жүр.

Мүлік салығын есептеуді бұрынғыдай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді. Алайда жергілікті атқарушы органдардың рөлі күшейеді.

Атап айтқанда, қалалық және облыстық мәслихаттар:

тұрғын үй салығының мөлшерлемесін өз бетінше арттыра алады;

бірақ бұл өсім 50%-дан аспауы тиіс;

өзгеріс енгізу туралы шешім әр жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдануы қажет.

Жаңа ережелер негізінен:

қымбат жылжымайтын мүлік иелеріне;

бірнеше баспанасы бар азаматтарға;

жалпы активтері орташа деңгейден жоғары адамдарға әсер етеді.

Осылайша, 2027 жылдан бастап Қазақстанда мүлік салығы әділеттілік қағидатына жақындап, табыс деңгейіне қарай сараланып есептелетін болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.34 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером28.54 ℃
Ночью22.72 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.36 м/с
2026-05-19
Утром19.51 ℃
Днем28.76 ℃
Вечером27.17 ℃
Ночью21.92 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.68 м/с