Батыс Қазақстанда 827 ірі қара бруцеллез ауруына шалдыққан

Бұлардың 763-і сиыр, 64-і бұқа екендігі белгілі болды. Сондай-ақ 301-і шаруа қожалықтарына, 526 басы жеке тұрғындарға тиесілі. 

ашық дереккөзден

БҚО ветеринария басқармасынан мәлім еткеніндей, ветеринариялық-санитариялық қағидалар талаптарына сай жасы 12 айдан асқан барлық ірі қара, қой-ешкі малдары бруцеллезге жылына екі рет (көктемде және күзде), түйелер – жылына бір рет, жылқы мен шошқалар ауруға күдіктену болған кезде зерттеледі.

Биылғы үш айда облыс бойынша зерттелген 155 278 бас ірі қараның 827-сінен бруцеллез анықталған, зақымдану көрсеткіші – 0,5 пайыз. Бұлардың 763-і сиыр, 64-і бұқа екендігі белгілі болды. Сондай-ақ 301-і шаруа қожалықтарына, 526 басы жеке тұрғындарға тиесілі. 

Басқарма мәліметіне қарағанда, соның ішінде, Ақжайық ауданы бойынша бірінші тоқсанда 33 985 ірі қараның 177-сі бруцеллезге шалдыққан болып шықты. Мұның 58-і — жеке тұрғындар, 119-ы -шаруа қожалықтарының малы.

Ветеринариялық-санитариялық қағидаларға сәйкес мал иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы негізінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық союды жүзеге асыратын өндіріс нысандарына (ет комбинаты, сою пункті) тапсыруы тиіс.

Бруцеллез табылған ірі қара мен шошқаның, түйенің, жылқының ұшасы мен ағзаларында патологиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат мұздатқышта тұрғаннан кейін шектеусіз пайдалануға болады. Ауру қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді, — деп нақтылады ветеринария басқармасы. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-13
Утром13.09 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером21.94 ℃
Ночью20.03 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.34 м/с
2026-05-14
Утром13.96 ℃
Днем22.78 ℃
Вечером23.58 ℃
Ночью19.41 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.07 м/с