Дәріхана атын жамылған: БҚО-да қылмыстық схема әшкереленді

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық топтың айналымы шамамен 1 млрд теңгені құраған. Қылмыстық жолмен алынған мүлікке, оның ішінде жылжымайтын нысандар мен қымбат автокөліктерге тыйым салынды.

Сурет: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойы күшті әсер ететін дәрілік препараттарды заңсыз таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция мәліметінше, аталған топ өз әрекетін заңды фармацевтикалық қызмет ретінде көрсетіп, жасырын түрде заңсыз сауда жүргізген. Олар арқылы психоактивті, тәуелділік тудыратын және есеңгірететін дәрілер өңір аумағында кеңінен таратылған. Бұл құбылыс жастар арасында таралған “дәріханалық нашақорлықтың” бір түріне айналған.

Негізгі тұтынушылар — 18–25 жас аралығындағы жастар. Олардың арасында бұрын сотталғандар да, есепте тұрғандар да, сондай-ақ алғаш рет осындай заттарды қолданғандар да бар.

Сурет: polisia.kz

Жүргізілген жедел-тергеу шаралары нәтижесінде қылмыстық схема толық тоқтатылды. Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі дәрілік препараттар, есірткі заттары, оқ-дәрілер және қомақты ақша тәркіленді. Сонымен қатар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру деректері анықталды. Жалпы 11 күдікті анықталды. Оның ішінде ұйымдасқан топтың 6 негізгі мүшесі қамауға алынды,- деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық топтың айналымы шамамен 1 млрд теңгені құраған. Қылмыстық жолмен алынған мүлікке, оның ішінде жылжымайтын нысандар мен қымбат автокөліктерге тыйым салынды.

Сурет: polisia.kz

«Бұл операция өңірдегі көлеңкелі есірткі нарығына елеулі соққы беріп, жастардың нашақорлыққа тартылуының алдын алуға мүмкіндік берді. Полиция психоактивті заттардың заңсыз айналымына қатысты кез келген әрекет заң аясында міндетті түрде тоқтатылатынын және кінәлілер қатаң жауапқа тартылатынын ескертеді. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді»,- деп мәлімдеді полицейлер.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.44 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.33 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.58 ℃
Днем27.06 ℃
Вечером25.64 ℃
Ночью21.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.54 м/с