Оралда жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші ұсталды

Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды.

Оралда жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласы аумағында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Toyota Hilux маркалы автокөлікті тоқтатты.

Тексеру нәтижесінде аталған көлік құралына қағаз түрінде жасалған, сыртқы көрінісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне ұқсас жалған нөмір орнатылғаны анықталды. Нөмірлік белгінің заң талаптарына сәйкес келмейтіні расталды.

Аталған дерек бойынша көлік жүргізушісі Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн орнату, сонымен қатар көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.

Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды. Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Жалған немесе заң талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-13
Утром13.09 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером22.01 ℃
Ночью19.71 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.34 м/с
2026-05-14
Утром13.96 ℃
Днем22.78 ℃
Вечером23.58 ℃
Ночью19.41 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.07 м/с