Қазақстандықтарға алған қаржысын қайтару қаупі туып тұр

Елімізде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлеушінің рұқсатынсыз салық құпиясына, декларациялар мен табысқа енгізілген түзетулер туралы мәліметтерге қол жеткізеді. 

ғаламтордан

Яғни, жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске жаңа талаптар енгізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұдан былай табысты фискалдық түбіртектермен растау міндеттеледі. Егер түбіртек болмаса, төлем қайта есептеледі, демек артық төленген қаражат кері қайтарылуы мүмкін. Бұл өзгерістердің салдары қандай болатынын inbusiness.kz тілшісі зерделеп көрген еді.

Төлемдерді тағайындау жүйесіндегі өзгерістерге Жоғары аудиторлық палатаның қолданыстағы модельде жүйелік тәуекелдер бар екенін көрсеткен ұйғарымы себеп болған. Редакция сауалына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындап жатқан жаңашылдықтарды түсіндіріп көрді.

Өзгерістер ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен шағын бизнеске әсер етеді. Енді жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарының иелеріне табысын растау үшін әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлеу жеткіліксіз. Нақтылап айтқанда, қосымша фискалдық дәлел қажет.

– Әлеуметтік аударымдар түскен табыстың нақты алынғанын растау үшін құжаттар тізбесі арнайы мобильді қосымша арқылы берілген түбіртектермен немесе бақылау-кассалық машинаның фискалдық белгісі бар түбіртектермен толықтырылады, – деп түсіндірді қор өкілдері.

Бұл ретте түбіртектер мемлекеттік кірістер органдарында төлем алу құқығы туындаған күнге дейін міндетті түрде тіркелуі тиіс. Мұндай талап жәрдемақыны (мысалы, жүктілікке немесе жұмыссыздыққа байланысты) көбейту үшін табысты кейіннен «қосып жазу» мүмкіндігін жоққа шығарады.

Қосымша бақылау автоматты салыстыру арқылы жүзеге асады: жүйе әлеуметтік аударымдарды міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне төлемдермен сәйкестендіреді. Егер сәйкессіздік анықталса, бұл тексеруге негіз болады.

Қазір төлем алып жүрген азаматтарды жаппай тексеру жоспарланбаған. Десе де, артық төленген қаражатты қайтару тетігі қарастырылған. Кейбір жағдайда алушылардан қаржыны кері қайтару талап етілуі мүмкін.

– Өтініш беруші тарапынан шындыққа жанаспайтын мәліметтер ұсынылып, соның салдарынан әлеуметтік төлем мөлшері негізсіз анықталғаны дәлелденсе, артық төленген сомаларды және сол сомалардан ұсталған зейнетақы жарналарын қайтару бойынша жұмыс жүргізіледі, – деп нақтылады Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.

Төмендетілген немесе толық көрсетілмеген табыспен қанша азаматтың төлем алып отырғаны ведомство тарапынан жария етілмейді. Қор тек әлеуметтік аударымдардың толықтығына жауапкершілік төлеушінің өзінде екенін еске салып, деректерді eGov порталы немесе банктік қосымшалар арқылы тұрақты тексеріп отыруды қазірден-ақ ұсынады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-13
Утром13.09 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером23.06 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.34 м/с
2026-05-14
Утром13.96 ℃
Днем22.78 ℃
Вечером23.58 ℃
Ночью19.41 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.07 м/с