Қазақстанда екпеден бас тартушылар саны артып барады

Егер анасы екпеден бас тартса, ол негізінен вакцинацияның барлық түрінен бас тартады. Талдау көрсеткендей, бас тарту көрсеткіші вакцинаның әр түрі бойынша шамамен 40-44 пайызды құрайды.

ашық дереккөзден

Елімізде вакцинациядан бас тарту көрсеткіші соңғы бес жылда 3,5 есеге артқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сарапшылар мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Имунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаеваның айтуынша, екпеден бас тарту жағдайлары жыл санап артып келеді. Тек 2025 жылдың өзінде қызылша мен көкжөтелге қарсы вакцинациядан бас тартудың 25 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Иммундау саласындағы жетістіктерге байланысты көптеген адам бұл инфекциялардың қаншалықты ауыр өтетінін ұмыта бастады және қазіргі уақытта екпеден бас тартып жатыр, — деді Нұршай Әзімбаева.

Эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады Спикердің айтуынша, бұл үрдіс елдегі эпидситуацияның нашарлауына тікелей әсер етуде. Соңғы үш жылда қызылшамен ауырғандардың 75 пайыздан астамы, ал көкжөтелге шалдыққандардың 89 пайыздан астамы — екпе алмаған балалар.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапованың сөзінше, «ең танымал емес» вакцинаны бөліп көрсету мүмкін емес.

Егер анасы екпеден бас тартса, ол негізінен вакцинацияның барлық түрінен бас тартады. Талдау көрсеткендей, бас тарту көрсеткіші вакцинаның әр түрі бойынша шамамен 40-44 пайызды құрайды, — деді ол.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларының үйлестірушісі Бауыржан Жүсіпов мәселенің тағы бір қырын ашты. Оның пікірінше, кейбір жағдайларда екпеден бас тарту «медициналық қарсы көрсетілім» ретінде бүркемеленуі мүмкін.

Бас тарту — бұл себептердің бір бөлігі ғана. Сондай-ақ тұрақты немесе уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер бар. Кейде анасы баласына екпе салғысы келмейтінін айтады, ал дәрігер баланың неге егілмегеніне себеп ойлап табады. Сондықтан медицина қызметкерлері арасында вакцинацияға қарсы адамдар болмауы үшін кадрларды даярлау өте маңызды, — деп атап өтті сарапшы.

Брифингке қатысушылар екпеден бас тарту — бүкіл әлем бетпе-бет келіп отырған жаһандық мәселе екенін және инфекциялық аурулардың өршуін болдырмаудың жалғыз жолы иммундау екенін алға тартты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.34 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с