Қазақстанда неліктен шаңды және құмды дауылдар жиілеп кеткені белгілі болды

Әсіресе, бұл батыс аймақтарына тән құбылыс.  

ашық дереккөзден

Қазақстанның бірқатар өңірінде топырақтың тозуы мен шөлейттену қаупі әлі өзекті. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елордада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экология министрінің сөзінше, Қазақстан орманды қалпына келтіру саласында мол тәжірибе жинақтады. Соның жарқын мысалының бірі ретінде Астана маңындағы жасыл белдеу аталды.

2021 жылдан бері мемлекеттік орман қорының аумағында 1 миллиард 648 миллион көшет отырғызылды. Елдімекендерде 18,1 миллионнан астам ағаш егілген. 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бұл жұмыстарға қосымша серпін беріп отыр. Жоба аясында елдімекендерді көгалдандыру жүргізіліп жатыр.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, жердің тозу қаупі әлі де өзекті.

«Қазақстанның орталық, оңтүстік және батыс өңірлері топырақтың тозуы мен шөлейттену қаупіне бейім. Батыс аймақтарда шаңды және құмды дауылдар жиіледі. Арал маңы, Мойынқұм, Солтүстік Каспий аймағы және Ақтөбе облысында негізгі ошақтар орналасқан. Бұл мәселенің жергілікті сипатта ғана емес, ауқымды экологиялық сын-қатер екенін көрсетіп отыр. Бұл ұзақ мерзімді әрі жүйелі шешімдер қажет етеді», – деді Экология және табиғи ресурстар министрі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью4.06 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с