Батыс Қазақстанда малдың арасында жұқпалы ауру тіркелді ме

Батыс Қазақстан облысында малдың жұқпалы ауруға шалдыққаны жөнінде мәлімет тарады.

ашық дереккөзден

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, мұндай дерт ауру киіктерден жұғуы ықтимал. Осыған орай Kazinform тілшісі тиісті мекемелерге жолығып, мәселенің мән-жайын білген еді.

БҚО Ветеринария басқармасынан мәлім еткеніндей, биылғы 9 ақпан мен 31 наурыз аралығында Ақжайық ауданында 829 бас ірі қара малдың ауырғаны тіркелген. Соның ішінде 551-і Шабдаржап, 101-і Атамекен, 177-сі Жолап ауылының үлесіне тиеді.

Ауру малдардан биологиялық сынамалар алынып, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК-ға жолданды. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде инфекциялық ринотрахеит диагнозы анықталды.

Басқарма мәліметіне сәйкес ауылдық округ әкімдерінің шешімімен Тайпақ ауылдық округі Шабдаржап, Алмалы ауылдық округі Атамекен және Мергенге қарасты Жолап ауылында шектеу шаралары енгізілді.

Ветеринариялық мамандар тарапынан симптоматикалық емдеу жүргізіліп, нәтижесінде күні бүгін барлық ауырған мал толықтай сауықтырылды.

Қазір тиісті ветеринариялық іс-шаралар қорытындысы бойынша Атамекен ауылында шектеу алынды. Шабдаржап және Жолап елді мекеніне енгізілген шектеулер барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шара аяқталғаннан кейін алынады.

Тағы бір қауіпті дерттің бірі – аусыл.

-Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аусылға қарсы вакцинациясы бекітілген профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Осы кезге дейін 777 529 бас ірі қара (оның ішінде 20 498-і – бұзау), 900 487 бас ұсақ мал (4 950-і – төл) және 7 260 бас шошқа (7 145-і – төл) вакцинацияланды. Облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аусыл ауруы тіркелген жоқ. Эпизоотиялық жағдай ветеринариялық қызметтердің тұрақты бақылауында, — делінген ресми жауапта.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Марат Отаралиев жолдаған мәліметке қарағанда, мекеме жыл сайынғы эпизоотологиялық зерттеу аясында «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК-мен бірлесіп, ауруға бейім жабайы жануарлар арасында мониторинг жүргізіп келеді. Мониторинг барысында аса қауіпті жануарлар ауруларын анықтау мақсатында патологиялық және биологиялық материалдардан сынамалар алынады.

Эпизоотологиялық мониторинг эпизоотиялық қауіп жоғары аудандарда, оның ішінде жануарлар мен адамға қауіпті жұқпалы ауруларға күдік болған жағдайларда жүргізілді. Осы жұмыстар аясында киік популяциясынан сынамалар алынды.

Инспекция мәліметі бойынша жұмыс тобы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарына жедел түрде шығып, киік популяциясына және жабайы жануарлармен ықтимал байланыста болған ауыл шаруашылығы жануарларына тереңдетілген эпизоотологиялық зерттеу жүргізді.

Далалық жұмыстар барысында Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала және Казталов аудандары аумағын мекендейтін киіктерге клиникалық тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде әлсіреу белгілері бар киіктер анықталды. Клиникалық қарау барысында бұл жануарларда эктопаразиттік зақымданудың жоғары деңгейі тіркелді — көптеген иксодты кене табылды.

Бұл ретте аусыл ауруына тән патологиялық өзгерістер, атап айтқанда, ауыз қуысының шырышты қабығындағы афталар мен жаралар, сондай-ақ тұяқаралық зақымданулар анықталған жоқ. Аса қауіпті инфекцияларды болдырмау мақсатында ауру жануарлардан биологиялық материалдар алынып, кешенді зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жолданды. Эпизоотиялық жағдай ерекше бақылауға алынды. Тек құзыретті органдардың ресми хабарламаларына сену қажеттігін еске саламыз, — деп қосты М.Отаралиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.65 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с